Черногорияда алғаш рет және бірден медаль

04.10.2022

Подгорицада - Черногория астанасында "WTT Youth Contender Podgorica 2022" үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді. 26 елдің өкілдері қатысып, 13 жас санатында алматылық Айназ Әділгереева (жаттықтырушы Айман Успанова) жартылай финалға жетіп, үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Қола медальға апаратын жол:

Айназ Әділгереева - Ин-сюаньда (Тайбэй) 1:3, Аня Байович (Черногория) 3:0, Анастасия Вуйович (Черногория) 3:2, ширек финал Ана Сладое (Босния және Герцеговина) 3:2, жартылай финал Йоханна Петериде (Венгрия) 1:3.

Талап Қойбағаров