Чемпионаттың әсері аясында

21.01.2021

Бұл күндері үстел теннисі туралы кез келген жаңалық Қарағандыда аяқталған Қазақстан чемпионатының әсері аясында қаралды. Міне, Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясының Павлодар облысындағы филиалы ашылды (төрағасы Достияр Аханов) және бірден сұрақ туындайды, ал еліміздің Кеншілер астанасында павлодарлық спортшылар қалай өнер көрсетті деген? Әйелдер құрамасы 13 команда арасында 5-ші орынға ие болды, ал Ангелина Романовская (суретте) шымкенттік Әнел Бақытпен бірге жұптық разрядта чемпион атанды.

Ангелина Романовская: "Өткен жылы Әнел екеуіміз Зәуреш Ақашева (Қарағанды) мен Сарвиноз Мирқадіровадан (Шымкент) ұтылып қалған болатынбыз. Бұл жолы жартылай финалда реванш алдық. Бесінші шешуші партияда біз 6:1, 10:6 есептерімен алдыда болдық, бірақ бірнеше қателіктер жіберіп, есеп 10:9 болды. Жүйкелер шегіне жетті, кернеу өсті. Біздің қарсыластарымыз қателік жіберді, біз оларды 11:9 есебімен жеңіп, финалға шықтық. Бірінші орын үшін Гүлчехра Құсейінова (Орал) - Анастасия Лавровамен (Нұр-Сұлтан) шайқастық. Біздің жаттықтырушымыз Евгений Анатольевич Тимченконың нұсқамасын 100%-ға орындап, Қазақстан чемпионы атандық".


Жұптық разрядтағы Қазақстан чемпиондары Әнел Бақыт (Шымкент) - Ангелина Романовская (Павлодар облысы).


Талап Қойбағаров