Чемпионаттың қола жүлдегерлері

29.04.2023

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан 2008 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында аралас және жұптық разрядтарда қола жүлдегерлер анықталды:

Қыздар.

Нұрсая Нұрман/Ноила Ханиязова (Астана/Түркістан) және Айназ Әділгереева/Томирис Қосар (Алматы/Шымкент).

Финалда Виктория Мочалкина/Дарья Фу (екеуі де Қарағанды) - Ақниет Амангелді/Дарья Гамова (Шымкент-Қарағанды) ойнайды.

Ұлдар үшінші орын - Әлішер Жансерік / Дәурен Жұмағазы (Ақтөбе/Ақтау) және Расұл Кисан/Мансұр Сүйіндік (Ақтөбе/Орал).

Алтын медальді Нәби Кисан/Нұрболат Есқуат (Ақтөбе/Ақтау) - Бақдәулет Сауырбай/Ержігіт Серікбай (Шымкент/Орал) ұтысқа салады.

Самат Төлебаев/Айназ Әділгереева (Түркістан/Алматы) және Бақдәулет Сауырбай/Ақниет Амангелді (Шымкент) - миксте (аралас разряд) жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдеге ие болды.

I орын үшін Нұрислам Қасым/Дарья Фу (Шымкент/Қарағанды) - Мұхаммедәли Құрбантаев/Ноила Ханиязова (Шымкент/Түркістан) күреседі.

Қазақстан чемпионаты 30 сәуірде аяқталады.


Талап Қойбағаров