Чемпионаттың басталуына дейін әркімнің мүмкіндігі тең

02.04.2022

5-10 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы "Jenimpaz" ("Жеңімпаз") үстел теннисі орталығында өтетін Қазақстан чемпионатына 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 35-тен астам спорт шеберлері қатысады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, республика облыстары өз спортшыларын 2022 маусымының басты стартына жібереді. Кирилл Герасименко, Сарвиноз Мірқадірова, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Ырысбек Артықметов, Әнел Бақыт және басқа да біздің теннисшілер медальдар үшін командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда бақ сынайды. Чемпионаттың басталуына дейін әркімнің мүмкіндігі тең.

Талап Қойбағаров