Чемпионаттағы өз позицияларын сақтау және жақсарту

23.02.2022

25 ақпанда Супер және Жоғары лигаларда әйелдер арасында Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының III туры басталады. Магнитогорск қаласында «Astana» ТТС (Сарвиноз Мирқадірова, Зәуреш Ақашева, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, жаттықтырушысы Евгений Тимченко) және оның қарсыластары «ММК-Олимпия» (Магнитогорск қ.), «УГМК-УОР» (Верхняя Пышма қ.), «УОР» (Қазан қ.), «УГМК-Резерв» (Верхняя Пышма қ.), «Факел-1» (Орынбор қ.), «Казаночка» (Қазан қ.), «Сабы-Татарстан» (Богатые Сабы қ.), «Тюмень» командалары өнер көрсетеді. ТТС «Astana» Суперлиганың 18 командасының арасында 2-ші орында.

Химкиде (Мәскеу облысы) ТТС «Karaganda» (Арай Әшкеева, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушысы Татьяна Ким) ойнайды. Бұл «А» Жоғары Лигасы, 18 клуб, турнирлік кестеде 5-орында орналасқан қарағандылықтардың қарсыластары «УГМК-Юниор» (Верхняя Пышма қ.), «Москвичка», «Фили» (Мәскеу қ.), «Малинка» (Мәскеу қ.), «УОР-2» (Химки қ.), «Алтай» (Барнаул қ.), «Звезда» (Серпухов қ.), «Старт» (Пермь қ.). Біздің спортшыларға сәттілік!

Талап Қойбағаров