Чемпионат медаліне үміткерлер шеңбері тарылуда

26.03.2022

Алматыда үстел теннисінен 2007 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгін 32 теннисші ұлдар мен 32 теннисші қыздар ойнаған жеке турнирде, жексенбіде медальдарды ұтысқа салатын ойыншылар анықталды. Қыздар арасындағы жартылай финал жұбы келесідей: Виктория Мочалкина (Қарағанды) - Полина Сиротина (Қарағанды), Алиса Цвигун (Нұр-Сұлтан) - Альбина Жақсылықова (Қарағанды). Аққу Темірханова (Маңғыстау облысы), Дарья Гамова (Қарағанды), Елизавета Лаврова (Нұр-Сұлтан), Шұғыла Мұқаш (Жамбыл облысы) қола жүлдеге таласуға мүмкіндіктері бар.

Ұлдар арасындағы чемпионатта бірінші орынға Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Арнұр Оралханов (Шығыс Қазақстан облысы), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Темірлан Балташ (Қостанай облысы) таласады. Турнир кестесінде үшінші орында Рамазан Нәзір (Түркістан облысы), Нұрислам Қасым (Шымкент), Нұрбол Тоқтамыс (Нұр-Сұлтан), Нұржігіт Жолдыбай (Түркістан облысы) болулары мүмкін. Барлығы 27 наурызда белгілі болады.


Талап Қойбағаров