Чемпион Сарвиноз Миркадирова

20.07.2024

Иракта (Сулеймания қ.) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі аяқталды және 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын жүлдені алматылық Сарвиноз Миркадирова жеңіп алды (жаттықтырушысы Евгений Тимченко, Рустам Мирасланов). Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атен Захирифарды (Иран) 3:0, ал жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1, финалда Таниш Котечаны (Үндістан) 3-1 есептерімен жеңді.

Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров