Чемпион болып туылмайды, ол үшін көп жаттығу керек

27.04.2023

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан 2008 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының командалық турнирінде Шымкент (Нұрислам Қасым, Мұхамадәли Құрбантаев, Бақдәулет Сауырбай, Ерасыл Еркінбек, Мерей Болатбек) және Қарағанды облысының (Виктория Мочалкина, Дарья Фу, Дарья Гамова, Меруерт Тәжімова, Юран Ибраева) құрамалары көшбасшылар атанды.

Екінші орынды Түркістан облысы (Нұржігіт Жолдыбай, Рамазан Нәзір, Санжар Ибахан, Марлен Жұмағұл, Орынбасар Есімхан) және Алматы (Айназ Әділгереева, Айша Меңдіғалиева, Камилла Авзалова, Лалагуль Әділгереева, Айша Жеңіс) иеленді.

Финал, ұлдар, Шымкент-Түркістан облысы 3:0.

Мұхамадәли Құрбантаев - Рамазан Нәзір 3:0

Нұрислам Қасым - Нұржігіт Жолдыбай 3:0

Бақдәулет Сауырбай - Санжар Ибахан 3:1

Финал, қыздар, Қарағанды облысы - Алматы 3:0.

Виктория Мочалкина – Айназ Әділгереева 3:2

Дарья Фу - Камилла Авзалова 3:1

Дарья Гамова – Айша Меңдіғалиева 3:1.


Қазақстан чемпионаты жалғасуда.


Талап Қойбағаров