Чемпион атағы - мақтанышпен естіледі

01.06.2023

Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының командалық есебінде чемпиондар мен күміс жүлдегерлер анықталды. Түркістандықтар 3:2 есебімен қарағандылықтарды жеңіп, алтын медаль жеңіп алды.

1 орын Түркістан облысы: Лесбай Ерасыл, Ермаханұлы Абылайхан, Жұмағұл Абай, Сапаралы Әміржан, Болатбек Шахмардан.

2 орын Қарағанды облысы: Олег Яковлев, Андрей Мочалкин, Әлинұр Қайратбек, Арыстан Сұлтанбаев, Нұрболат Ғабдолла.

Қыздар арасында Шымкент командасы - Шодиёна Камилжанова, Құралай Қасымбек, Құралай Қанатбек, Шохина Мирқадірова, Жансая Нұрлан құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді, олар Түркістан облысының қарсыластарын жеңді - Мәдина Абдұәлиева, Назерке Болатбек, Ұлданай Нәзір, Айнұр Нәзір, Кәусар Төлеп.

Чемпионат жалғасуда және бізді жеке, жұптық және аралас разрядтарда қызықты жекпе-жектер күтуде.


Талап Қойбағаров