Чемпион

19.01.2024

АҚШ-та (Корпус Кристи қ, Техас штаты) "WTT Feeder Corpus Christi 2024" халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сянцзин Чжанды (АҚШ) 3:0, Хармит Десайды (Үндістан) 3:1, Штеффен Менгелді (Германия) 3:1, Жоао Монтейрды (Португалия) 3:2 жеңіп, чемпион атанды! Құттықтаймыз!

Кирилл Герасименко: "Құттықтауларыңыз үшін рахмет. Жарысқа үш күн қалғанда АҚШ-қа ұшып, бейімделіп кеттім. Париждегі жазғы Олимпиадаға "WTT Champions" турниріне қатысу үшін бірінші орынды иелену, рейтингтік ұпай жинау міндетін қойдым. Мұнда сенімді ойнадым, күшті қарсыластарды жеңдім және қазір Кореядағы командалық әлем чемпионатына дайындалудамын".


Талап Қойбағаров