Бундеслигадағы жаңа маусым

08.09.2020

Германияда 2020-2021 жылдардағы үстел теннисінен Бундеслиганың бірінші раунды басталды. Жоғарғы дивизионда 12 команда ойнайды, олардың арасында құрамында Кирилл Герасименко ойнайтын бремендік "Вердер" клубы да бар, ол өткен маусымда қола медаль жеңіп алған болатын. Дебюттік матчта "Вердер" теннисшілері TTC Schwalbe (Бергнойштадт қ.) клубына 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Кириллдің қарсыласы Еуропаның екі дүркін чемпионы Штефан Фегерль болды. Есеп 3:1 атақты Австрия ойыншысының пайдасына шешілген еді.

Талап Қойбағаров