Бундеслигадағы сәтсіз бастама

14.09.2020

Үстел теннисінен Бундеслига чемпионаты Австрияда басталды және ол 2021 жылдың маусымына дейін жалғасады. Оған 9 команда қатысады және олардың арасында құрамында Айдос Кенжеғұлов ойнайтын "Baden AC" (Баден қ.) клубыда бар. Аймақ орталығының теннисшілері әзірге сәтсіз өнер көрсетуде: олар бірінші турда Австрия Кубогының иегері Вельс клубына 0:4 есебімен ұтылып қалды, ал бүгін Оберварт қаласының спортшыларынан 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Айдос Кенжеғұлов - Тосилав Кожиц (Вельс қ.) 1: 3

Айдос Кенжеғұлов-Доминик Хабесон (Оберварт қ.) 2:3.

Талап Қойбағаров