Бәріде өз орындарына келді

19.01.2020

Қарағандылықтар үстел теннисінен Қазақстанның жеке командалық чемпионатын тамаша ұйымдастырып, лайықты аяқтады. Ізін суытпай қорытындылаймыз:

- Үш алтын медальді жеңіп алған спорт шебері Зәуреш Ақашева (Қарағанды) елдің абсолюттік чемпионы атанды;

- Біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) өзінің жеке марапаттар топтамасын жетінші «алтынмен» толықтырды;

- Жеке (жұптық, аралас) жарыстарда бірінші рет құрмет тұғырына Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Айдос және Дастан Кенжеғұловтар (Орал қаласы), Алсу Сапарова (Орал қаласы), Алина Борисюк (Қостанай облысы), Елена Бондарь (Павлодар облысы) көтерілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Командалар. Ерлер.

1 орын Нұр-Сұлтан (Геннадий-Александр-Кирилл-Тимофей Герасименко, Роман Халилов, жаттықтырушысы Геннадий Герасименко);

2 орын Шымкент (Бақдәулет Әкімәли, Сарвар Ырысәлиев, Ырысбек Артұқметов, Жасұлан Бесбай, Нұрпеис Дарханбай, жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Миряқұб Мирасланов);

3 орын Алматы (Тимур Келбұғанов, Самат Бейсенов, Александр Максимов, Дамир Сәрсенбай, Даниал Жұмадиев, жаттықтырушылары Айман Оспанова, Александр Перевалов);

3 орын Қарағанды облысы (Владислав Захаров, Эрик Райтер, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Александр Брижевский, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким).

Командалар. Әйелдер.

1 орын Батыс Қазақстан облысы (Гүлчехра Құсейінова, Гаухар Алмағамбетова, Алсу Сапарова, Әсем Нұрмұханбетова, Аружан Бекіш, жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин);

2 орын Алматы (Әнел Бақыт, Айя Әлімбаева, Валентина Оспанова, Любовь Никифорова, Елена Бейсенова, жаттықтырушылары Айман Оспанова, Александр Перевалов);

3 орын Қарағанды облысы (Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский);

3 орын Нұр-Сұлтан (Анастасия Лаврова, Алтынай Ержанқызы, Мәлика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елена Зубкова, жаттықтырушылары Серік Мұрзаспаев, Татьяна Герасименко).

Ерлер

1 орын Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан)

2 орын Айдос Кенжеғұлов (Орал)

3 орын Тимур Келбұғанов (Алматы)

3 орын Дастан Кенжеғұлов (Орал)

Әйелдер

1 орын Зәуреш Ақашева (Қарағанды)

2 орын Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан)

3 орын Алсу Сапарова (Орал)

3 орын Ангелина Романовская (Павлодар облысы)

Жұптық разряд. Ерлер

1 орын Кирилл және Александр Герасименко (Нұр-Сұлтан)

2 орын Тимур Келбұғанов (Алматы) – Эрик Райтер (Қарағанды)

3 орын Самат Бейсенов (Алматы) - Марат Сұртұбаев (Қарағанды)

3 орын Диас Марқабаев (Ақтөбе) – Владислав Захаров (Қарағанды)

Жұптық разряд. Әйелдер

1 орын Зәуреш Ақашева (Қарағанды) – Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент)

2 орын Әнел Бақыт (Алматы) – Ангелина Романовская (Павлодар облысы)

3 орын Гүлчехра Құсейінова (Орал) – Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан)

3 орын Әсема Өтепова – Елена Бондарь (екеуіде Павлодар облысы)

Аралас разряд

1 орын Владислав Захаров – Зәуреш Ақашева (Қарағанды)

2 орын Кирилл Герасименко – Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан)

3 орын Самат Бейсенов (Алматы) – Ангелина Романовская (Павлодар облысы)

3 орын Диас Марқабаев (Ақтөбе) – Алина Борисюк (Қостанай).


Талап Қойбағаров, Қарағанды қ.