Бәрі жақсы болады

20.10.2020

Онлайн-форматта Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының жаттықтырушылар Кеңесінің отырысы өтті, онда 2021 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының жобасы әзірленді. Біз барлығымыз елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және денсаулық сақтау тұрғысынан жарыстарды ұйымдастыру кезінде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге үміттенеміз. Егер бәрі жақсы болса, келесі жылдың бірінші тоқсанында бізді маңызды турнирлер күтуде: ел чемпионаты (Қарағанды), әлем чемпионаты (Корея), А. Булаховты еске алуға арналған "Азия-Еуропа" халықаралық жасөспірімдер турнирі (Ресей), Қазақстанның ашық командалық чемпионатының I туры (Жоғары және Супер лигалар, Қарағанды), Ресейдің үстел теннисі федерациясының командалық чемпионатының III туры (ерлер, әйелдер), Ю. Посевин атындағы халықаралық жасөспірімдер клубттық чемпионатының I туры (Қырғызстан), Ақпан батырды еске алуға арналған халықаралық турнирі (Шымкент), "Наурыз" халықаралық турнирі (Павлодар), оқу-жаттығу жиыны.

Талап Қойбағаров