Бременнен Дюссельдорфқа дейін алыстау

12.10.2020

Үстел теннисінен неміс Бундеслигасында кезекті тур өтіп, Бременде чемпионаттың көшбасшысы "Borussia" (Дюссельдорф) құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсететін жергілікті "Werder" командасымен кездесті. Өкінішке орай, Бремен клубы Еуропаның жетекші клубына лайықты қарсылық көрсете алмады және 0:3 есебімен ұтылып қалды. Турнир кестесінде "Werder" 10 орында тұр.

Маттиас Фальк («Werder») - Кристиан Карссон («Borussia») 1:3;

Кирилл Герасименко(«Werder») - Антон Келлберг («Borussia») 0:3;

Хунор Сеч («Werder») - Рикардо Вальтер («Borussia») 1:3.

Талап Қойбағаров