Бремендік «Werder» үшін жанкүйер болайық

15.10.2021

Үстел теннисінен Германия кубогы 1/8 финалының матчтары өтті. Бремендік «Werder» клубы екінші дивизиондағы «TTC GW» (Бад Хамм) клубымен ойнап, жоспарланған 3:0 есебімен жеңіске жетті:

Кирилл Герасименко («Werder») - Флориан Блум («TTC GW») 3:2

Маттиас Фальк («Werder») - Андре Бертельсмайер («TTC GW») 3:1

Марсело Агирре («Werder») - Пекка Пелц («TTC GW») 3:0.

01 Қарашада ширек финалда Кирилл Герасименко және оның командаластары мықты қарсылас болып табылатын 2020 жылғы Германия чемпионы - «FC Saardrucken TT» (Саарбрюккен) клубымен кездеседі. Бремендік "Werder" - ге сәттілік.

Талап Қойбағаров