«Боруссиямен» сынау

25.01.2022

26 қаңтарда Кирилл Герасименко және оның «Вердер» клубы бойынша жолдастары (Бремен) өз алаңында Дюссельдорфтың «Боруссия» клубын қабылдайды: Германияның 31 дүркін чемпионы, ел Кубогының 27 дүркін иегері, еуропалық Кубоктардың 16 дүркін жеңімпазы. «Боруссия» Еуропадағы ең табысты командалардың бірі болып табылады (74 титул), ол тек футболдан «Бавария» (Мюнхен, 77 титул) клубына ғана жол береді. Осы маусымда клуб 13 ойын өткізіп, 12 рет жеңіске жетті және турнирлік кестені сенімді басқаруда. «Боруссия» клубының көшбасшылығы заңды, өйткені оның құрамында мынандай әйгілі ойыншылар бар: Тимо Болл - Еуропаның 20 дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының 9 дүркін жүлдегері, Олимпиада ойындарының 4 дүркін жүлдегері, Кристиан Карлссон - жұптық разрядтағы әлем чемпионы, Антон Келлберг - әлем чемпионатының қола жүлдегері, Шарат Камал - жұптық разрядта және командалық есептегі Азия чемпионатының қола жүлдегері, Цю Данг - аралас жұптық разрядта және командада Еуропа чемпионы. Міне, осындай мықты қарсылас Бременге келеді. «Вердерге» сәттілік тілейік.

Талап Қойбағаров