Болжам орындалды

26.10.2020

Германия чемпионатының кезекті турында Бремендік "Werder" клубының ойыншылары Кирилл Герасименко (Қазақстан), Маттиас Фальк (Швеция), Хунор Сеч (Румыния) Оксенхаузен қаласында 2018 жылғы Бундеслиганың жеңімпазы, 2019 жылғы Германия кубогының иегері, 2019 жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері, жергілікті және атақты "Liebherr" клубымен кездесті. Алаң иелерінің құрамында "Werder" клубына қарсы алаңға әлемнің 6-ракеткасы, Панамерикалық ойындардың чемпионы Уго Кальдерано (Бразилия), 2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындарының қола жүлдегері Канак Джа (АҚШ), Еуропа чемпионатының жүлдегері Симон Гози (Франция) шықты. Матчтан бір күн бұрын үстел теннисінің неміс білгірлері 3:0 есебімен "Liebherr" клубының жеңісін сенімді түрде мәлімдеген болатын. Біздің өкінішімізге орай, болжам орындалды.

Уго Кальдерано («Liebherr»)-Хунор Сеч («Werder») 3:1;

Канак Джа («Liebherr»)-Кирилл Герасименко («Werder») 3:0;

Симон Гози («Liebherr»)-Маттиас Фальк («Werder») 3:0.

Талап Қойбағаров