Болгариядан медальдар алып келеміз

10.03.2024

Болгарияның Панагюриште қаласында Англия, Австрия, Болгария, Қазақстан, Корея, Үндістан, Ирландия, Тайбэй, Түркия, Мальта, БАӘ, Словакия, Румыния, Польша, Португалия, Украина, Франция спортшыларының қатысуымен үстел теннисінен WTТ Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды. 11 жасқа дейінгі жас санатында Абай Жұмағұл (Шымкент), Шодиена Камилжанова (Шымкент) алтын және күміс медальдарға ие болды.

Құттықтаймыз!