Болашағы зор теннисшілер өсіп келеді

19.11.2021

Үстел теннисі мен көркем гимнастиканың Жаңа Орталығы өз жұмысын Тараз қаласында бастады. Демеушілік қаражат есебінен салынған кешен 2 гектар аумақты алып жатыр және үстел теннисіне (300 адамға) және көркем гимнастикаға (300 адамға) арналған екі үлкен залдан тұрады. Нысанның құны 1,5 миллиард теңге.

Жамбыл облысында үстел теннисі жақсы дамып келеді, әр түрлі турнирлер мен жарыстарда табысты өнер көрсететін спортшылар бар - бұл жеке есептегі жастар арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы Ескендір Харки, аралас және жұптық разрядтардағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы Абдұл-Маджид Харки, қыздар арасындағы жұптық разрядтағы елдің чемпионы, аралас разрядтағы республикалық оқушылар спартакиадасының чемпионы Айкерім Асықбек, қыздар арасындағы жұптық разрядтағы елдің чемпионы, Республикалық студенттік Универсиаданың бірнеше дүркін жүлдегері Медиана Қалықбай. Қалада, облыстың аудандарында болашағы зор теннисшілер өсіп келеді.



Талап Қойбағаров