Болашаққа сеніммен қараймыз

23.12.2020

2020 жылдың желтоқсаны Паралимпиада спортшылары үшін айтулы оқиға болды-Әділет Министрлігінде "Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі Федерациясы" қоғамдық бірлестігі тіркелді. Жаңа Федерацияны еліміздің Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Дәрібекұлы Бопазов басқарады.

Пара үстел теннисінен еліміздің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Арнұр Әбішев әңгімелейді: "Біз дербес ұйымға айналдық және паралимпиадалық қозғалыстың бірлігі мен тұтастығын нығайту, мүгедек спортшыларды бастапқы деңгейден жоғары жетістіктер спортына дейін дамытуға жәрдемдесу, оларды дене тәрбиесі құралдарымен оңалту, елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру, пара үстел теннисі үшін спорт ғимараттарын ұлғайтуға жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Қазақстандық пара теннисшілер Жасөспірімдер Азия Ойындарында, Азия чемпионаттарында, Халықаралық арбашылар мен ампутанттардың спорт федерациясының (IWAS) Дүниежүзілік ойындарында, Бельгия, Венгрия, Таиланд чемпионаттарында табысты өнер көрсетіп келеді, алтын, күміс, қола медальдарды жеңіп алғандар Нұржан Көрпетаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (хдсш, Алматы облысы), Раушан Орынбаева (хдсш, Атырау облысы), Талғат Эрекеев (сш, Павлодар облысы), Людмила Фокина (сш, Атырау облысы), Қанат Үсенов (хдсш, Алматы облысы), Рустам Валитов (хдсш, Қостанай облысы), Георгий Четвериков (хдсш, Павлодар облысы), Әли Мақұлбеков (сш, Атырау облысы), Дүйсенғали Оспанов (хдсш, Қостанай облысы), Ерлан Қазиев (сш, Атырау облысы), Кеңгес Қониев (сш, Атырау облысы), Флора Ем (сш, Жамбыл облысы). Біз өзіміздің осы спорт түрінің болашағына сеніммен қараймыз.

Әли Мақұлбеков және Нұржан Көрпетаев


Георгий Четвериков


Рустам Валитов және Қанат Үсенов


Шарджадағы IWAS Дүниежүзілік Ойындары (БАӘ): Қазақстан командалық есепте 1-ші орында


Талап Қойбағаров