Бүкіләлемдік үстел теннисі күні

06.04.2018

Құрметті үстел теннисінің әуесқойлары, спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері!

Бүгін әлемдік спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік үстел теннисі күнін атап өтуде. Бұл тамаша күнбейбітшілікті және Халықаралық спорт күнін дамыту үшін орайластырылып өткізілді. Қазақстан үшін өткен жыл өз ұстанымын әлемдік теннисте нығайтты деп бүгін біз қанағаттанарлық сезіммен айтуымызға болады.Өткен жылдың соңында Олимпиада Ойындарының және әлем чемпионатынан кейін маңыздылығы бойынша үшінші болып табылатын беделді халықаралық турнирлердің бірі ITTF «World Tour Grand Finals»ТМД аумағында алғаш рет өткізілді.Отандық үстел теннисі спортты дамытудың жаңа деңгейіне өтті, бүкіл ел бойынша қарқынын дамытты: жаңа есімдер пайда болуда, балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріндеүстел теннисімен шұғылданушылардың жалпы саны ұлғайды, Қазақстанның аймақтарында материалдық – техникалық базалар жабдықталды. Және осы жұмыс жалғасын табуда. Қазіргі уақытта біздің спортшылар мен жаттықтырушылар 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жоспарлы түрде дайындалуда. Жақын арада біздің команда сәуір айының соңында Швецияда басталатын командалық әлем чемпионатында ойын көрсетеді. Бұл күнібіздің спорт түрініңкәсіби спортшылары мен барлық жанкүйерлеріне жаңа спорттық жетістіктерді бағындыруды, зор денсаулық пен табыс тілеймін!

Қ. ТОҚАЕВ