Біздікілер Австрия Кубогында

09.09.2020

Вельс атты ескі қаланың үстел теннисі шеберлері Штоккерау қаласынан келген әріптестерін 3-1 есебімен жеңіп, Австрия Кубогын жеңіп алды. Жеңімпаздар үшін Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың ұлы - Андреас Левенко өнер көрсетті. Биылғы Кубокта "Baden AC" (Баден қ.) командасының мүшесі Айдос Кенжеғұлов командада бірге ойнайтын ойыншылармен бірге ширек финалға дейін жетіп, тамаша ойын көрсетуде. Барлық өткізілген матчтарда Айдос жеңіске жетті.

Талап Қойбағаров