Бізді қызықты, жарқын, тартысты матчтар күтуде

14.08.2023

18, 19 және 20 тамызда "Хван Ман-Гым" спорт клубының (Ташкент облысы, Өзбекстан) үстел теннисі орталығында КСРО спорт шебері, Орта Азия және Қазақ КСР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері (1960 ж.-1966 ж.), КСРО Үстел теннисі федерациясының президенті, Еуропалық үстел теннисі Одағының вице-президенті Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған Ашық жасөспірімдер клубтық чемпионатының III турының матчтары өтеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары келесі жас санаттарында өнер көрсетеді:

2007 ж. - 2009 ж. – жеке есеп;
2010 ж.т. және одан кіші - жеке есеп;
2007 ж.т. және одан кіші – командалық есеп.


Талап Қойбағаров