Біздің спортшыларымызға жанкүйер болайық!

07.09.2022

13 қыркүйекте Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында жүлде қоры 75 000 АҚШ долларын құрайтын "WTT Contender Almaty" беделді халықаралық турнирі басталады. Біздің оңтүстік астанамызға әлемдік деңгейдегі жұлдыздар келеді және қазақстандық спортшылар алаңда олармен лайықты күресуге дайындалуда. ITTF және WTT ережелеріне сәйкес, Қазақстанның атынан 11 ерлер мен 11 әйелдер қатысатын болады, олар - Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тәжірибелі турнирлік жауынгерлер Кирилл Герасименко, Сарвиноз Мирқадірова, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Ырысбек Артықметов, Әнел Бақыт, спорт шеберлері Ескендір Харки, Эрик Райтер, Владислав Захаров, Денис Жолудев, Дастан Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәли, Сағантай Құрмамбаев, Айя Әлімбаева, Ангелина Романовская, Арай Әшкеева, Алсу Сапарова, Жанерке Көшкімбаева, Александра Смирнова, Гүлчехра Құсейінова. Біздің спортшыларымызға жанкүйер болайық!

Талап Қойбағаров