Біздің спорт түрімен барлық жастағы адамдар шұғылдана алады

21.06.2023

23, 24, 25 маусымда Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында ардагерлер арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді. 40-49 жас, 50-59, 60-64, 65-69, 70 және одан жоғары жастағы ерлер арасында, 35 және одан жоғары жастағы әйелдер арасында Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының спортшылары өнер көрсетеді. Медальдар тек жеке есепте ойналады.

Талап Қойбағаров