Біздің қарсыластарымыз мықты

21.07.2024

Жақында Алматыда "WTT Youth Contender Almaty" халықаралық турнирі басталады, ол әлемнің 17 елінен 230 жас спортшыны бір шаңырақ астына жинайды!

Турнирге Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Катар, Қытайдың Тайбэйі, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония, Қазақстанның талантты ойыншылары қатысады, олардың арасында әлемдік рейтинг көшбасшылары, WTT сериясындағы халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да бар:


Амирмахди Кешаварзи (Иран) - "WTT Youth Сontender Tunis", "WTT Youth Contender Doha" халықаралық турнирлерінің жеңімпазы;


Куа Гуан-Хонг (Қытайдың Тайбэйі) - "WTT Youth Contender Vientiane", "WTT Youth Contender Cheongyang" халықаралық турнирлерінің жеңімпазы;


Ханг Джинг-Кай (Қытайдың Тайбэйі) - "WTT Youth Contender Darwin", "WTT Youth Contender Puerto Princesa" халықаралық турнирлерінің жеңімпазы;


Йех И-Тянь (Қытайдың Тайбэйі) - "WTT Youth Contender Wladyslawowo", "WTT Youth Contender Hong Kong " халықаралық турнирлерінің жеңімпазы;


Во Джиа-Йен (Қытайдың Тайбэйі) - "WTT Youth Contender Darwin", "WTT Youth Contender Almaty " халықаралық турнирлерінің жеңімпазы және т.б.


Айта кетейік, Қазақстанның жастар құрама командасы үшін оның көшбасшылары Алан Курмангалиев және СарвинозМиркадирова қатысады.


Алан Курмангалиев - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел чемпионы. Жастар арасындағы әлем чемпионатының (микст) жеңімпазы атанған алғашқы Қазақстандық, сондай-ақ жеке есептегі қола медаль иегері. WTT Youth Contender сериясындағы халықаралық жасөспірімдер турнирлерінде 31 медаль жеңіп алған, оның ішінде 13 алтын.


Сарвиноз Миркадирова - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел чемпионаты мен спартакиадасының, сондай-ақ "WTT Youth Contender" (Ирак), "Serbia Junior & Cadet Open" және "WTT Youth Contender Cairo" Халықаралық жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.


Турнирдің бас серіктестері "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ @samrukkazyna_official және "SportQory" туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory болып табылады.