Бірінші және әзірге жалғыз

05.09.2022

Алан Құрманғалиев - Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының үстел теннисі тарихында Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы және әзірге жалғыз спортшы. Лаоста, юниорлар мен кадеттер арасындағы құрлықтың XXVI чемпионатында Алан, Сангуанвонг Ксайпасеутты (Лаос), Аукадеччайкул Ситтипольді (Таиланд), Прадхивадхи Бхаянкарам Абхинандхты (Үндістан) жеңіп, жартылай финалда жапондық Такуми Танимотодан жеңіліп, қола медальға ие болды! Біздің теннисшіні, оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны үлкен жетістікпен құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров