Бірінші турдың жеңімпаздары жексенбіде белгілі болады

09.03.2024

Павлодарда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының I-ші туры өтуде және бүгін үздік алты клуб арасында көшбасшылар анықталды (1-ден 6-ға дейінгі орындар). Суперлигада бұлар "AltayPro" (Өскемен), "Қарағанды-1" ҮТК, ОТМК (Ресейдің Свердлов облысы), ал 2-ші лигада "Ертіс" (Павлодар), "Almaty-2", "Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы).

I тур жексенбіде аяқталады.


Талап Қойбағаров