Бірінші тур өтті

27.02.2022

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының (2-ші лига) I-ші туры аяқталды. 9 матчта 9 жеңіске жетіп, турнирлік кестені қостанайлық " Deaf " басқарды (Қанат Қоңқыбаев, Данияр Ескендіров, Абылай Бүркітбай, Рамазан Бүркітбай, Бижан Төлебаев, Әлихан Крикпенов, жаттықтырушысы Ғайып Данияров). Екінші орында "Қостанай" (Артем Сипачев, Тайыр Карпташаров, Айдын Әлмағамбетов, Данияр Карпташаров, Темірлан Балташ, жаттықтырушысы Ғайып Данияров), үшінші орында "Мартөбе №12 БЖСМ" (Шымкент, Озода Азатова, Гүлноза Камилжанова, Давлатбек Торавеков, Атхамбек Момынжанов, жаттықтырушысы Фарида Рахметова). Одан кейін "TT Prime" (Қарағанды), "Сұңқар" (Шымкент), "ASM" (Бішкек, Қырғызстан), "Топжарған" (Шымкент), "Dream team" (Алматы), "Aurora" (Нұр-Сұлтан), "Қарағанды-2 ООРМБЖМ", "Қарағанды-3 ООРМБЖМ".


Наурызда Суперлига және 1-лига командалары сайысқа түседі.

Талап Қойбағаров