Бірінші раундтты ойнап бітірдік

14.09.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирі басталды. Бірінші күні біліктілікте 15 қазақстандық ойнады, олардың 9-ы бірінші раундтан өтті:

Ескендір Харки (Қазақстан) - Людовик Гомбош (АҚШ) 3:2

Владислав Захаров (Қазақстан) - Аззам Алим (Сауд Арабиясы) 3:0

Дастан Кенжеғұлов (Қазақстан) - Джит Чандра (Үндістан) 3:2

Бақдәулет Әкімәли - Эрик Райтер 3:1 (екеуі де Қазақстан)

Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан) - Никита Панов (Өзбекстан) 3:1

Жанерке Көшкімбаева (Қазақстан) - Аружан Камалова (Өзбекстан) 3:1

Ангелина Романовская - Айя Әлімбаева 3:1 (екеуі де Қазақстан)

Гүлчехра Құсейінова (Қазақстан) - Розалина Хаджиева (Өзбекстан) 3:2

Александра Смирнова – Әнел Бақыт 3:0 (екеуі де Қазақстан)

Ырысбек Артықметов (Қазақстан) - Лю Йебо (Қытай) 0:3

Алсу Сапарова (Қазақстан) - Зан Сяотун (Қытай) 0:3

Арай Әшкеева (Қазақстан) - Вивьен Шольц (Люксембург) 0:3.

"WTT Сontender Almaty" жалғасуда.


Талап Қойбағаров