Бірінші күні үшеуі бірден ұтылды

21.06.2023

Африканың солтүстігінде (Тунис) "WTT Contender" үстел теннисінен өкілдік турнирі басталды. Жарыстың бірінші күні үш қазақстандық ойыншы алаңға шығып, өз қарсыластарынан жеңіліп, Тунистегі ойындарын аяқтады:

Дастан Кенжеғұлов - Седрик Чанц (Швейцария) 0:3;

Санжар Жұбанов - Флоран Ламбье (Бельгия) 1:3;

Айдос Кенжеғұлов - Чо Дэсон (Корея) 0:3.

Ертең 1/16 финалда Кирилл Герасименко (Қазақстан) - Патрик Франциска (Германия) матчы өтеді. Кириллге Сәттілік!

Талап Қойбағаров