Бірінші күнді ойнадық

31.10.2019

Минск қаласының теннис сарайында үстел теннисінен Беларусь ашық чемпионаты басталды және бүгін жеке және жұптық разрядтарда, сондай-ақ 21 жасқа дейінгі ойыншылардың арасындағы турнирде біліктілік ойындары өтті. Қазақстандықтар қалай өнер көрсетті? Бекұлан Жамал-бір ойын, бір жеңіс (+1), Гүлчехра Құсейінова (+1), Айдос Кенжеғұлов (+1, -1), Ескендір Харки (-3), Анель Бақыт (+1, -3), Сарвиноз Мірқадірова (-4), Анастасия Лаврова (-1). Нәтижелер бізді қатты қуантпады, бірақ Анель Бақыттың (суретте) қыздар арасындағы әлемнің 4-ші ракеткасы Здена Блашкованы (Чехия) 3:2 есебімен жеңіп кеткенін айта кету керек.

Талап Қойбағаров