Біреуі барлығы үшін және барлығы біреуі үшін

10.06.2021

Үстел теннисінен 2010 ж.т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты оңтүстік астанада өтіп жатыр және бүгін командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды:

Ұлдар.

1 орын Ақтөбе облысы - Нәби Қисан, Арсен Дүйжанов, Мирас Амантай, Расұл Қисан;

2 орын Түркістан облысы - Бобур Бақаев, Марлен Жұмағұл, Орынбасар Есімхан, Абай Жұмағұл;

3 орын Маңғыстау облысы - Мансұр Сәрсенғали, Берекет Қонақбаев, Қуаныш Аманқұс, Радмир Мұстафа;

3 орын Шымкент - Талғат Аслан, Нұрлан Әсет, Игитәли Сұлтанмұратов, Сауран Сатмахан.

Қыздар.

1 орын Түркістан облысы - Мәдина Нәзір, Жания Абидинова, Мафтуна Ханиязова, Шахруза Шавкатова;

2 орын Батыс Қазақстан облысы - Айнар Мұхитденова, Сәбина Қамашева, Айкөркем Батырова, Найля Лұқпанова;

3 орын Алматы - Айназ Әділгереева, Таисия Травкина, Айша Жеңіс;

3 орын Шымкент - Томирис Қосар, Мұхлиса Рустамбекова, Лаура Қасымбек, Әмина Уәли.

Чемпионат жеке, жұптық және аралас разрядтардағы матчтармен жалғасады.


Суретте алтын жүлдегерлер: Ақтөбеден келген ұлдар мен Түркістаннан келген қыздар.





Талап Қойбағаров