Білу, құрметтеу, есте сақтау

14.11.2023

"Jenimpaz" үстел теннисі орталығында (Павлодар қ.) №1 Қашыр орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Китаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі ашық республикалық турнирі өтуде. Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстанның 220 спортшысы келесі жас санаттарында бақ сынайды:

Ерлер - 16-39 жас, 40-49, 50-59, 60 жас және одан жоғары.

Әйелдер - 16-39 жас, 40 жас және одан жоғары.


Бүгін кіші топтардағы ойындардан кейін 15 қарашада медальдар мен ақшалай сыйлықтарды ұтысқа салатын теннисшілер анықталды.


Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы "Қазақмыс корпорациясы" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


Талап Қойбағаров