Білім, білік, дағдыларды арттырамыз

24.04.2022

Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин "CNPC - Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы" Академиясына барып, бүгін тәжірибелі тәлімгер Сюн Таоның (ҚХР) басшылығымен басталған ел өңірлерінің жаттықтырушыларына арналған оқыту семинарына қатысушылармен кездесті. Қытайлық маман теориялық және тәжірибелік сабақтар барысында жаттығу, жарыс барысын ұйымдастырудағы табысты тәжірибесімен бөліседі. Семинар үстел теннисіндегі кәсіби құзыреттілік деңгейін қалыптастыруға және арттыруға баса назар аударады.

Талап Қойбағаров