Бесінші турдағы тең ойын

20.11.2021

Үстел теннисінен Австрия чемпионатының 5-турында Бадендік «Badener» клубы «Raiffeisen» (Кеннельбах) командасын қабылдады. Бұл матчта қазақстандық Бақдәулет Әкімәли («Badener») Бундеслигада дебют жасады, өкінішке орай, ол екі ойын өткізіп, екі жеңіліске ұшырады. Есесіне ирандық Амирреза Аббаси Баден үшін үш ұпай жинады (жұптық разрядта, + екі ұпай жеке есепте) және осы маусымның аутсайдерімен кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. 8 клубтың арасында «Badener» 5-ші орында.

Амирреза Аббаси («Badener») - Максим Дьюдонне («Raiffeisen») 3:0

Бақдәулет Әкімәли («Badener») - Иштван Тот («Raiffeisen») 1:3

Марк Сагаве («Badener») - Мирослав Кленский («Raiffeisen») 0:3

Амирреза Аббаси/ Марк Сагаве («Badener») - Иштван Тот/ Мирослав Кленский («Raiffeisen») 3:2

Амирреза Аббаси («Badener») - Иштван Тот («Raiffeisen») 3:0

Бақдәулет Әкімәли («Badener») - Максим Дьюдонне («Raiffeisen») 2:3.

Талап Қойбағаров