Бесеуі жарысты жалғастыруда

19.10.2021

Ресей Федерациясы Свердлов облысы "Балтым" ауылының спорт кешенінде үстел теннисінен "Орал тау-кен металлургия компаниясының Кубогы" V халықаралық турнирі басталды. Бүгін кіші топтарда матчтар өтті, онда қазақстандықтар Ескендір Харки, Бақдәулет Әкімәли, Сарвиноз Мирқадірова, Анель Бақыт және Ангелина Романовская сәтті өнер көрсетті. Тек Ырысбек Артұқметов жарыстың алдын ала кезеңінен өте алмады. ОТMK кубогы жалғасуда.

Суретте Анель Бақыт ОТMK Кубогында.

Талап Қойбағаров