Бес ел әлем чемпионатын өткізуге үміткер

22.06.2021

Швеция, Оңтүстік Корея, Португалия, Аргентина және Үндістан 2024 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді.

Португалия мен Аргентина мұндай мәртебелі турнирді өз тарихында алғаш рет өткізеді деп үміттенеді, ал Оңтүстік Корея үшін бұл коронавирустық пандемияға байланысты Пусанда 2020 жылғы чемпионат кейінге қалдырылғаннан кейін үстел теннисін үйіне қайтару мүмкіндігі болады. Үндістан әлем чемпионатын 1987 жылы Нью-Делиде өткізді. Көбінесе беделді жарыстар Швецияда өтті: 1928, 1949, 1957, 1967, 1985, 1993 және 2018 жж.

22 тамыздан кейін жеңімпаздың аты белгілі болады - оған (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының мүшелері дауыс береді.

ITTF материалдары бойынша