"Bengaluru Smashers" клубы 5 орынға ие болды

31.07.2023

Пуна қаласында UTT-2023 Үнді үстел теннисі лигасының 4 маусымы аяқталды, онда "Goa Challengers" клубының спортшылары Альваро Роблес, Хармит Десаи, Сутхасини Саветтабут, Рит Теннисон жеңімпаз атанды, олар 3 маусымының чемпиондары "Chennai Lions" клубын 8:7 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко, Наталья Байор (Польша), Санил Шетти (Үндістан), Маника Батра (Үндістан), Пойманти Байсва (Үндістан) "Bengaluru Smashers" клубы үшін өнер көрсетіп, үш матчта жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, 5-орынға ие болды.

Кириллдің жеке, аралас разрядтардағы көрсеткіштері келесідей: алты жеңіс, төрт жеңіліс.

Талап Қойбағаров