"Bengaluru Smasher" үшін жанкүйер боламыз

13.07.2023

13-30 шілде аралығында Махараштра штатында, Пуна қаласында TT-2023 Үнді үстел теннисі лигасының 4 -маусымы өтеді. 6 клуб қатысады және әрқайсысында 6 спортшы: екі легионер, төрт жергілікті ойыншы бар. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко, Наталья Байор (Польша), Санил Шетти (Үндістан), Маника Батра (Үндістан), Пойманти Байсва (Үндістан) "Bengaluru Smasher" үшін жарысып, ертең маусымның бірінші жекпе-жегінде «U Mumba TT» Квадри Аруна (Нигерия), Лили Чжан (АҚШ), Манав Таккар, (Үндістан), Дия Читале (Үндістан), Судханшу Гровер (Үндістан), Мума Дас (Үндістан) шеберліктерін көрсетеді.

Кирилл мен «Bengaluru Smasher»-ге сәттілік тілеймін.


Талап Қойбағаров