Бақытжан Сейітжан: "Біздің мақсатымыз - " ТОП-10 " құрамына кіретін халықаралық деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелеу

11.10.2022

Еліміздің жетекші спорт ұйымдарының бірінде жаңа басшы - Central Asia Mining Co ЖШС директоры Бақытжан Сейітжан Шымкент үстел теннисі Федерациясын басқарды. Соңғы жылдары үшінші қазақстандық мегаполистің теннисшілері балалар, жасөспірімдер және жастар біріншіліктерінде, Қазақстан чемпионатында, халықаралық жарыстарда медальдарды ұдайы жеңіп алуда, ал Шымкент құрамасының көшбасшылары Сарвиноз Мирқадірова, Ырысбек Артықметов, Әнел Бақытқа 2021 жылғы Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткендері үшін "ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы берілді.

Бақытжан Сейітжан: "Федерацияның мақсаттары мен жоспарлары? Шымкентте үстел теннисін насихаттау, дамыту. Біздің жетекші спортшыларымыз үшін қолайлы жағдайлар жасау, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін федерацияның кәсіби залында жаттығу барысын жүзеге асыру. Білікті жаттықтырушыларды тарту, қазақстандық командалармен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдермен бірлескен ОЖЖ ұйымдастыру.

Негізгі мақсаты: "ТОП-10" құрамына кіретін халықаралық деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелеу.

Талап Қойбағаров