Барлығы жоғары нәтиже көрсетуге тырысуда

21.03.2023

Қарағандыдағы "Saryarka" үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиада бағдарламасында жарыстар басталды. Залдағы атмосфера мерекелік, көңіл-күй көтеріңкі, ал теннисшілер мен жаттықтырушылар жауынгерлік күйде - барлығы жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылуда.

Бүгін алдын-ала матчтардан кейін командалық есепте құрмет тұғырына қарай жолдарын жалғастыратын финалдық сегіздік анықталды. Ерлер құрамасы арасында олар Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары.

Әйелдер арасында олар Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары.


Талап Қойбағаров