Барлығы жексенбіде белгілі болады

20.06.2021

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының бірінші кезеңі (1 және 2 тур) аяқталуға жақын, оның нәтижесі бойынша Жоғары лиганың екі ұжымы Суперлигаға өтеді және керісінше, екі аутсайдер ең мықты дивизионнан кетеді. Барлығы 20 маусымда белгілі болады.

Кирилл Герасименко, "Астана" клубы: "Қазіргі чемпионат мен үшін Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Көптеген ойындар, түрлі қарсыластар, қызықты жекпе-жектер тек пайдасын ғана тигізеді. Жарысқа дейін менде "Saryarka" үстел теннисі орталығында екі апталық ОЖЖ болды, онда техниканы жақсарттым және дене жүктемесін арттырдым. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр".

Анна Хонина, "УГМК-Резерв" (Екатеринбург, Ресей) жаттықтырушысы: "Біз кезекті рет Қазақстанға қуана келдік. Бұл күндері біздің команда Абзаково тау шаңғысы курортында (Башқұртстан Республикасы) оқу-жаттығу жиынында, сондықтан мен Қарағандыға 13 жасар Данис Туйчиев пен Дмитрий Кармановты әкелдім. Оларға атақты, шебер қарсыластармен ойнау пайдалы болып табылады - олар үшін бұл жақсы мектеп. Сіздердің Орталықтарыңыз өте ұнады.

Анвар Кәрімов, "Хван Ман-Гым 2" (Өзбекстан) жаттықтырушысы: "Қазақстандық әріптестерімді тамаша "Saryarka" Орталығымен құттықтағым келеді. Біз Еуропадағы турнирлерге қатыстық және мұндай зал онда жоқ. Чемпионатқа келетін болсақ, бірінші турдан кейін біз 4-ші орынға шықтық және одан да жоғары көтерілуге тырысамыз. Мархабо Мағдиева, Айнұр Абдұрахимова, Согдиана Ибадұллаева әр матчта күресуде".

Ахан Биятов, "Қазаэронавигацияның" капитаны: "2019 жылы Суперлигада өнер көрсеттік және қазір тағы да сол жерге жетуге тырысамыз. Біздің мүмкіндігіміз жақсы, себебі Жоғары лигада сенімді түрде көш бастап келеміз. Тимур Келбұғанов, Айя Әлімбаева, Роман Халилов қарсыластар командасын жеңуде".


Талап Қойбағаров