Барлығы үстел теннисі үшін, барлығы жеңіс үшін!

05.04.2021

Өскеменде үстел теннисі орталығының құрылысы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында басталады. Спорт нысанының жалпы ауданы 9118 шаршы метр: 1-ші қабатта 40 теннис үстелі орналасқан кең жаттығу залы, 3-ші қабатта жарыс залында тағы 18 үстел болады. Жаттығу құрылғылары бар зал, шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, жаттықтырушылардың бөлмесі, кафе. Орталықтың ашылуы 2021 жылдың IV тоқсанының соңына жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысының кіші ракетка шеберлері көптеген жылдар бойы республикалық жарыстарда, турнирлерде, чемпионаттарда сапалы ойын көрсетіп келеді. Сөйтіп, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының ерлер құрамасы Түркістанда Қазақстанның командалық Кубогын жеңіп алып, Қарағандыда өткен 2021 жылғы ел чемпионатында қола жүлдені иеленген болатын. Оралда жастар чемпионатында Сағантай Құрмамбаев жұптық разрядта жеңімпаз атанып, аралас разрядта "қола" жүлдені иеленді, ал Сергей Коновалов екі рет құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді (жұптық және аралас разрядтар). Шығыс Қазақстан облысы құрамасының көшбасшысы Денис Жолудев - ҚР екі дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері, ең мықты ТОП - 12 және ТОП-16 турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін қатысушысы. Дарынды ізбасарлар өсіп келеді - Арнұр Оралханов, Темірлан Жиенбаев, Тілек Тоқтархан сияқты ойыншылар, 2006 ж.т. және одан кіші теннисшілер арасындағы республикалық жасөспірімдер чемпионатында өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Талап Қойбағаров