Барлық жас шақта

29.07.2019

Ақмола облысының Щучинск қаласында үстел теннисінен "Burabay Open" халықаралық турнирі сәтті аяқталды - Қазақстанның қысқы спорт түрлерінің дәл орталығында. Әзірше биатлон, шаңғы жарысы өкілдерінің демалысы кезінде олардың залын екі күнге Ресей, республикамыздың қала, облыс орталықтарынан келген кіші ракетка шеберлері "басып алды". Он бес жасар ракетка шеберлері отыздан жетпіске дейінгі жас аралығындағы өз әріптестерімен жарысты. Үстел теннисі сонысымен де тамаша, мұнда әр түрлі ұрпақ өкілдері бірге өнер көрсете алады.

«Burabay Open» чемпиондары мен жүлдегерлері:

Ерлер. 1 орын Марат Сұртұбаев (Қарағанды), 2 орын Дамир Абельдинов (Нұр-Сұлтан), 3 орын Тимофей Герасименко (Нұр-Сұлтан).


Әйелдер. 1 орын Әсемгүл Өтепова (Ақсу, Павлодар облысы), 2 орын Мәлика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан), 3 орын Елена Бондарь (Ақсу, Павлодар облысы).


Талап Қойбағаров