"Badener" құрамындағы дебют

14.11.2021

Спортшылар Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент) Австрияға ұшып келіп, үстел теннисінен Қазақстан құрамасының кеңесші-жаттықтырушысы Дмитрий Левенконың басшылығымен "Badener" (Баден) клубының құрамында жаттығуға кірісті. Егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, онда 19 қарашада біздің теннисшілер "UTTC Raiffeisen" (Кеннельбах) клубына қарсы матчта "Badener" клубы үшін ойнайды. Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионының 8 командасының арасында "Badener" 10 ұпаймен 5-ші орында, ал алдыда "Felbermayr" (Вельс, 15 ұпай), "SolexConsult TTC" (Винер-Нойштадт, 15 ұпай), "Vice Sparkasse" (Зальцбург, 12 ұпай) және "UTTC" (Штоккерау, 11 ұпай). "Badener" клубына сәттілік тілейік!

Суретте Бақдәулет Әкімәли (оң жақтағы бірінші), Ескендір Харки (оң жақтағы екінші) "Badener" клубында (Баден қ.).


Талап Қойбағаров