Баден көшбасшыға қарсылас емес

19.03.2022

Үстел теннисінен Австрия чемпионатының кезекті турында Баденде «Badener» және Бундеслиганың көшбасшысы жер бағыныстағы Винер-Нойштадт қаласының «SolexConsult TTC» клубы кездесті. Қонақтар 11 матчта 8 рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға сенімді түрде ие болуда. Бұл жолы да Феликс Ветцель (суретте), Фране Томислав Койич, Томас Конечный, Айдос Кенжеғұловты, Амиррез Аббасиді, Арья Амириді 4:0 есебімен жеңіп, маңызды ұпай жинады.

Амирреза Аббаси - Феликс Ветцель 2:3
Арья Амири - Фране Томислав Койич 0:3
Айдос Кенжеғұлов - Томас Конечный 0:3
Айдос Кенжеғұлов/Амирреза Аббаси («Badener») - Феликс Ветцель/ Томас Конечный 2:3.

«Badener» 6 орында және 20 наурызда «KSV» (Капфенберг қ., 7 орын) клубын қабылдайды.

Талап Қойбағаров