Азия жасөспірімдер чемпионатында қазақстандық төреші

03.04.2024

30 маусым және 6 шілде аралығында Чунцин қаласында (Қытай) үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді және оған қазақстандық спортшылардың қатысуы үшін мамыр айындағы іріктеу турнирін еңсерулері қажет. Бүгінгі таңда Чунцинге билет сатып алатын еліміздің бір ғана өкілі белгілі - бұл халықаралық санаттағы судья Тимур Ходжаев (Қарағанды). Азия үстел теннисі Одағының төрешілері және төрешілер комитеті қазақстандықтың кандидатурасын бекітті және ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына төрелік етеді. Құттықтаймыз!

Тимур Ходжаев «TTF Grand Finals Astana 2017» ширек финалының, «ITTF Kazakhstan International Open Karaganda 2021», «WTT Contender Almaty 2022», «WТТ Youth Contender Linz 2023» финалдық ойындарының жетекші төрешісі, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің директоры.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Advanced Umpire Training» төрешілерді тереңдетіп даярлау курсынан өткен және «Gold Badge» жоғары біліктілік санатына үміткерлер үшін қажетті «AdvancedRulesExamination» үстел теннисі ережелері бойынша ағылшын тілінде емтихан тапсырған тұңғыш қазақстандық болды. Айтпақшы, 60 - тан 59 ұпай жинап, керемет нәтиже көрсетті.

Қазіргі уақытта Тимур Ходжаев «Blue Badgein Progress» аралық төрешілер санатына ие.


Суретте Тимур Ходжаев (сол жақта) және «Gold Badge» Халықаралық жоғары білікті төрешісі Роман Клекер (Чехия Республикасы).