Азия үшін төтеп беру!

25.07.2019

Салала қаласы (Оман) бүгінгі күннен бастап 31 шілдеге дейін барлық континенттердегі талантты теннисшілердің астанасы болады. Мұнда күрделі іріктеуден өткен және әлемдік "ITTF World Hopes Week and Challenge" қатысушылары болған 16 ұлдар мен 16 қыздар жиналды. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бағдарламасы бойынша олар Цзин Цзюнь Хун (Сингапур), Лю Цзяо (Англия) ITTF тәлімгерлерімен оқу-жаттығу жиынын өткізеді және турнирде өнер көрсетеді. Осы беделді спорттық форумда Азия құрлықтық іріктеу чемпионы қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы Эльмира Алиева), Үндістан, Таиланд, Сингапурдан келген кіші ракетканың жас шеберлері өнер көрсетеді. Аланға және Эльмира Каирқызына (суретте) табыс тілейміз.

Талап Қойбағаров